13 сентября 2022, 22:51
Администратор

Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өседі

Қазақстанда 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады. Бұл туралы LS-ке еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде айтып берді.

Бұған дейін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін (20 191 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін (37 389 теңге) 100%-дан 120%-ға дейін жеткізу керектігін айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Еңбек министрлігінде 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын кезең-кезеңімен артатынын хабарлады.

Министрлiктiң мәліметінше, бұл келесідей болады:

Еңбек министрлігінің болжамы бойынша, осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін арттырылады.

«Бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 13%-ға өседі және барлық 2 млн зейнеткерге қатысты болады», — деп хабарлады министрлікте.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс шамасын 46 АЕК-тен (146 280 теңге, АЕК кезінде – 3 180 теңге) 55 АЕК-ке (174 900 теңге) дейін арттыру жүйеге жаңадан енгізілген және қазіргі зейнеткерлерге де қатысты болады.

«Бұл шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға (үш жыл ішінде-109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) ұлғайтуға және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан бұл шаралар қарттар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу мақсатында қабылданып жатыр», — деп түсіндірді еңбек министрлігінде.

Сондай-ақ, Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты зейнетақы төлемдерін төмендетпей керісінше арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта бюджет қаражатының қосымша қажеттіліктерін анықтау бойынша жан-жақты есептеулер жүргізілуде. Ақпаратқа сәйкес, бұл шаралар қаржы министрлігімен келісіліп, республикалық бюджет комиссиясының қарауына жіберіледі.

Только то, что важно для вас, — в «Ленте дня» в Telegram.Подписывайтесь